• Басты
  • Қытайлық Шаньдун Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда
6 Қыркүйек, 2017 17:26

Қытайлық Шаньдун Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда

Қытайлық Шаньдун «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда. Бұл туралы Шаньдун провинциясының вице-губернаторы Ся Гэн Астанадағы ЭКСПО көрмесінде Шаньдун провинциясы аптасының ашылуында айтты.
Қытайлық Шаньдун Қазақстанмен ынтымақтастықты  нығайтуда

Шара барысында Шандунь провинциясының халықаралық сауда комитеті мен Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігі  арасында ынтымақтастық жөнінде  келісім орнатылды.

Келісім аясында Қазақстан өңірлері мен Шаньдун провинциясы  арасында әртүрлі сала бойынша сауда-экономикалық  қарым-қатынасты дамыту жоспарланған.

Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің басшысы Айдын Байеділов айтып өткендей, Шаньдун Провинциясы  «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бағдарламасында өте маңызды рөлді ойнайды.

«Біздің мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытайдың экономикалық өсімі инфрақұрылым мен өңірлік сауданы  дамытуға тәуелді екенін біледі. Сондықтан да қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қазақстанның еуразиялық континентте  ірі транзиттік түйінге айналуына жәрдемдесуі мүмкін», - деді А.Байеділов.

Сондай-ақ, Дунъин қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы, Линьи мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шаньдун провинциясының вице-губернаторы Ся Гэн айтып өткендей, «Бір белдеу, бір жол» Қытай ашықтығының маңызды нүктесі болып табылады және ол барлығына серпін жасауға мүмкіндік береді.

«Астанада  ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпин аталмыш идеяны  4 жыл бұрын айтқан болатын. Шаньдун провинциясы Қазақстан мен оның өңірлерімен жан-жақты ынтымақтастыққа дайын», - деді Ся Гэн.

Сондай-ақ,   Beijing Palace Soluxe Hotel Astana-да  «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында іскерлік келіссөздер өтті.

B2B  форматында  өткен  жобалар мен бизнес кездесулердің негізгі тақырыбы инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуеті  мен бірлескен кәсіпорындардың құрылуы, Қазақстаннан Қытайға,Қытайдан Қазақстанға   тауар жеткізу.

Шаньдун – Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан дамыған провинция. Халқы 100 млн адамды құрайды. ЖІӨ  1 трлн долларға тең.

«Бір белдеу, бір жол» Еуразияның көп бөлігін қамтиды, ол дамыған елдер мен «жаңа экономиканы» біріктіруде. Мегажоба аймағында пайдалы ресурстар шоғыраланған, онда  планетаның  63 пайызы өмір сүріп жатыр. Экономикалық аумақ  21 трлн АҚШ долларын құрады.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100