- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанда екі білім ордасы пайдалануға берілді
Түркістанда екі білім ордасы пайдалануға берілді
2016 жылы құрылысы басталған оқу ғимаратында 10 сынып бөлмесі, асхана, спорт залы мен мәжіліс залы және медпункт қарастырылған. Жобаның құны 374 млн. теңгені құрайды.
Бұған дейін аталған мектептің ескі ғимараты жетіспегендіктен, кеңес тәуелсіздік жылдарына дейін жұмыс жасап келген «Жұлдызша» балабақшасының ғимараты шәкірттердің сыныбы ретінде пайдаланылып келген. Осындай орындарда тәлім алған 1179 оқушының алдағы күндері алаңсыз білім алуына толық жағдай жасалып отыр.
Бұдан соң облыс басшысы Түркістан қаласына қарасты Құмтиын елді мекеніндегі «Құлыншақ» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы өткен жылы бастау алған бүлдіршіндердің алтын ұясы ауыл тұрғындары үшін күрделі мәселенің бірі болып келген. 1825 тұрғыны бар Құмтиын елді мекеніндегі мектеп жанындағы шағын орталықта 80 бала тәрбиеленіп келген. Ендігі жерде 120 орындық типтік үлгідегі балабақша ғимараты мұндағы күрмеулі мәселенің шешіміне баланып отыр.
Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев сүт өнімдерін қайта өңдейтін «Мұзды тау» өндіріс орнының жұмысымен танысты. 2013 жылдан бері балмұздақтың 30 түрін шығаратын өндіріс орны өнімдерін еліміздің 5 облысына таратып келеді. Жалпы құны 450 млн. теңгені құрайтын жобаның жылдық қуаттылығы 900 тонна өнім шығаруға қауқарлы. 2016 жылы кәсіпорын 118,6 млн. теңгенің өнімін өндірсе, биыл 140 млн. теңгенің өнімін нарыққа шығаруды межелеп отыр. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.
Тұрғындарды жұмыспен қамтып, қала экономикасының дамуына үлесін қосып отырған кәсіпорынға аймақ басшысы оң бағасын беріп, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жас азаматтарға мемлекеттен берілетін қолдауларды кеңінен насихаттауды қала әкіміне айтты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай