- Басты
- Жаңалықтар
- Әдебиетті іріктеуді жариялаудағы мақсат – жаңа заман авторларын қалыптастыру – МСМ
Әдебиетті іріктеуді жариялаудағы мақсат – жаңа заман авторларын қалыптастыру – МСМ
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолға алған әдебиетті іріктеуді жариялаудағы мақсат – жаңа заман авторларын қалыптастыру, қаламгерлерді ізденуге, руханиятымызды жандандыруға ынталандыру. Авторлар ұсынған шығармаларды іріктеу, сатып алу, оны басу және тарату министрлік құзыретінде екенін атап айтқан жөн», - делінген хабарламада.
Тағы бір баса назар аударарлық мәселе – таңдаулы туындыларды іріктеу мақсатында министрлік жанынан құрылған Сараптама комиссиясы шығармалардың әрбірін саралап, қорытындысын шығарады. Бұл сараптама қорытындылары Үкімет жанындағы «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның» қарауына ұсынылады. Яғни, сатып алынатын шығармалардың тізімін осы комиссия бекітеді.
Ең бастысы, іріктеуден өткен шығармаларға көтерген тақырыбының көкейкестілігіне орай бір баспа табағы 100-150 мың теңге көлемінде қаражат төленеді.
Ал шығарма министрліктің меншігіне өтеді. Іріктеу энциклопедиялық және анықтамалық, көркем, танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, аударма әдебиет, балаларға және жасөспірімдерге, мәдениет және өнер туралы, оның ішінде ноталық (ноталар шығарманың 50 пайызын құрайды), мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиеттер бойынша жүргізіледі.
«Қорыта айтқанда, мемлекет тарапынан шығармашылық саласындағы қауымға көрсетілетін мұндай қамқорлық қаламгерлерге тың дем беретініне және материалдық тұрғыдан еңбектерінің лайықты бағалануы әдебиетімізге жаңа туындылар әкелуге серпін беретініне де сенімдіміз», - дейді ведомство өкілдері.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру