- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысы голландиялық компаниялармен ынтымақтастық орнатуда
Алматы облысы голландиялық компаниялармен ынтымақтастық орнатуда
Бұл кездесу сауда-саттық мақсатын көздеуші голландиялық компаниялардың өзге елдермен қарым-қатынасын нығайту жоспары аясында Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.
Келген делегация мүшелерін қабылдаған С.Бескемпіров, ең алдымен облыстың ауылшаруашылығын дамытудағы соңғы жетістіктеріне тоқталып өтті.
«Алматы облысы аграрлы-индустриалды өңір болып саналады. Республикамыз бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 17%-і Жетісу өңіріне тиесілі. Бізде 8 млн. га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер алқаптары бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерінің егіс алқабы 950 мың га. Ол жерлерде дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, қант қызылшасы, майбұршақ, көкөністер мен көптеген өзге де өнімдер өсіріледі. Ағымдағы жылдан бастап, жаңғақ шаруашылығын дамытуды қолға алдық. Бұл мақсатта 2 мың га аумаққа жаңғақ егуді жоспарлаудамыз. Осы күнде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жылыжай кешендерін дамыту мәселесіне тоқталар болсақ, бізде бүгінгі күні жылыжайлардың алып жатқан жер аумағы 80 га құрайды», - деді С.Бескемпіров.
Голландиялық делегация атынан сөз алған Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы Кеңсесінің басшысы В.Роггенкамп:
«Тығыз уақыт кестелеріңізден уақыт тауып, бізді қабылдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл менің осы өлкеге бесінші рет келуім. Қала осы жылдар аралығында жылдам қарқынмен дамып келе жатқандығын, көптеген жаңа ғимараттардың бой көтергендігін ерекше атап өткім келеді. Біз екі жақты әріптестікті нығайтуға ерекше ықылас білдіреміз», - деді ол.
Осыдан кейін В.Роггенкамп делегация құрамымен таныстырды. Делегацияның басым көпшілігі голландиялық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялардың өкілдері екен. Нақтырақ айтар болсақ, бұл компаниялар негізінен жылыжайларға арналған металл-конструкциялар өндіретін, жылыжай құрылысымен айналысатын, тұқым мен гүл баданаларын өндіретін, сонымен қатар әртүрлі құрал-жабдықтар, жарық беретін құрылғылар және де жылыжай шаруашылығын дамытуға қажетті көптеген өзге де заттарды шығаратын компаниялар.
Сауда-саттық орнату мақсатымен келген делегация өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, облыс әкімінің орынбасары С.Бескепіров кездесуді қорытындылады.
«Біз әріптестік орнатуға әрдайым ашық екендігімізді тағы бір мәрте ескертіп өткім келеді. Ол үшін бізде қолайлы инвестициялық климат пен барлық мүмкіндіктер жасалған. Бізде Талдықорған аймағы мен Алматы қаласына іргелес аудандарымызда барлық қажетті индфрақұрылымы жүргізілген, дайын кәсіпорындар мен жылыжайларды орналастыруға арнайы әзірленген индустриалды аймақтар бар», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан кейін «Көктем Грант» қонақ үйінде ұйымдастырылған семинар-кездесуге жылыжай кешендерінің құрылысын жүргізу, жылыжайларға арналған автоматтандырылған жүйелер орнату, жеміс-жидек және көкөніс қоймасын салу, жылыжай кешендеріне жарықтандыру жүйесін жүргізу, тұқым мен гүл баданаларын өсірумен айналысатын 14 голландиялық ауылшаруашылығы мақсатындағы өнім өндіруші компания өкілдері қатысты. Олар жергілікті ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялармен келіссөздер жүргізіп, қос тарапқа да тиімді талаптар мен ұсыныстар жайын талқылап қайтты.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді