- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80%-ға артты – А.Дуда
Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80%-ға артты – А.Дуда
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Дудаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді.
«Бүгін біз Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысамыз. Былтырғы тамызда Польшаға жасаған сапарымды жылы сезіммен еске аламын. Мұндай байланыстар екі елдің ынтымақтасуға деген ниетінің зор екенін білдіреді», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін ешқандай кедергі жоқ екенін атап өтті.
«Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық. Сіздің өтінішіңізбен елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе рейсі орнады. Осы әуе қатынасына екі мемлекет тұрғындарының сұранысы жоғары екенін және бұл халықтарымыздың тығыз байланыстар орнатуға мүдделілігін білдіретінін атап өткен жөн», – деді Мемлекет басшысы.
Польша Президенті Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Польша бизнес-форумының жұмысына бірлесе қатысудың маңызды екенін айтты.
«Мен біздің кездесулеріміздің бәрін зор қуанышпен еске аламын. Сіздің Польшаға былтырғы сапарыңыз елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосты. Сіздің сапарыңыз осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тың серпін бергенін ерекше атап өткім келеді. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін тауар көлемі 50%-ға, ал Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80%-ға артты. Осылайша, Сіздің бізге келген сапарыңыздың нәтижесі айқын көрінуде. Мен соған қуаныштымын», – деді А.Дуда.
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз