- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Польша бизнес форумында 10 меморандумға қол қойылды
Қазақстан-Польша бизнес форумында 10 меморандумға қол қойылды
Польшалық кәсіпкерлерді Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен және экономикалық жетістіктерімен таныстыру, екіжақты өзара іс-қимылдың анағұрлым тартымды және перспективалы бағыттарын анықтау форум алаңындағы кездесу барысында негізгі талқылау тақырыбына айналды. Форум барысында Қазақстан мен Польша компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды.
Алдымен Павлодар облысының әкімдігі мен Польша шаруашылық палатасы арасында Павлодар облысы аумағындағы "Агроқала" бағдарламасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Одан әрі «Kazakh Invest» ҰК мен «PolPharma» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Кейін «Қазпошта» АҚ мен «Польша поштасы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ пошталық маркаларды бірлесіп шығару туралы келісімге де қол қойылды.
«Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» мен «WarwawExpo» арасында, сондай-ақ «ExpoGruop» мен «WarwawExpo» компаниялары арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
"Трансферт және агротехнологияларды коммерцияландыру" мен «SGGW Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті» әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Еске сала кетейік, Қазақстан польшалық бизнес өкілдерімен Екібастұз қаласындағы халықаралық оқу орталығын қайта құру туралы меморандум жасауды жоспарлауда.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары