- Басты
- Жаңалықтар
- Екібастұзда АӨК оқыту орталығы өз жұмысын бастайды
Екібастұзда АӨК оқыту орталығы өз жұмысын бастайды
Әкім айтып өткендей, қазақстандық тарап польшалық кәсіпкерлермен Екібастұздағы оқыту орталығын қайта жөндеу туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.
«Біздегі проблемалық нысанның бірі – халықаралық оқыту орталығы, оны білім министрлігі бастаған болатын. Оның құрылысы аяқталмай қалды, қазір біз польшалық тараппен алдын ала меморандум түздік. Бүгінгі таңда аталмыш нысанды қайта жөндеуге алдын ала құжатнама бар. Аталмыш жоба аясында тең қаржыландыруды жүзеге асырмақпыз – негізгі қаржы мемлекеттен болса, қосымша польшалық тарап қаржыландырады. Кейін ауыл шаруашылығы бағытында кадрлар дайындалатын болады», - деді Қ.Нүкенов.
Ол айтып өткендей, оқыту орталығында қазақстандық ұстаздардан бөлек, шетелдік мамандар да тартылады. Сондай-ақ, Польшада 7 маман оқытылады.
«Бүгінгі таңда польшалық тарап студенттерді қабылдауға дайын, біз қазір 7 студентті дайындап жатырмыз, олардың шәкіртақысы жылына 1300 еуро болады. Бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Студенттер кейін біздің кәсіпорындарда жұмыс істеулері керек», - деді Екібастұз әкімі.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтуде. Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтуде. Шараға бизнестің 450 өкілі келді. Оның ішінде қазақстандық және польшалық компания жетекшілері бар. Сондай-ақ, екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуданың келуі күтілуде.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген