- Басты
- Жаңалықтар
- Депутаттар жұмысы одан әрі де ашық талқылау алаңында өтетін болады
Депутаттар жұмысы одан әрі де ашық талқылау алаңында өтетін болады
Барлық айтылған міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының стратегиялық курсын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуде бізге Үкіметтен ұсынылған, сондай-ақ, өзіміздің әріптес-депутаттардың бастамасымен әзірленетін заң жобаларымен жұмысты жүйелі және сапалы түрде жалғастыруымыз қажет, - деді Н. Нығматулин.
Осыған орай, Палата Төрағасы Мәжіліске енгізілген «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Кедендік реттеу туралы Кодексінің жобаларына тоқталды.
Кодекс жобасымен жұмыс істегенде біз Елбасының басымдығын басшылыққа алуымыз керек. Ол кедендік рәсімдерді қысқарту, «бір терезе» әдісін қолдану, электрондық декларация жүйесін дамыту негізінде сұралатын құжаттардың санын қысқарту туралы.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жақын арада жоспарлы түрде Үкіметтен түсетін Салық туралы басқа да міндетті төлемдер бойынша Кодекс жобасымен жұмыста осындай әдісті басшылыққа алу қажет.
Сонымен қоса, Мәжіліс Төрағасы заң жобаларымен жұмыста әдеттегідей ашық талқылау алаңында өтетініне сенім білдірді.
“Біздің алдымызда көлемді заң шығармашылық жұмыстар тұр. Өткен сессияда еңбек еткен дәстүрімізге сәйкес аталған жұмыстар заң жобаларын мемлекеттік органдар, сарапшылық қауымдастық, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, ашық пікір-талас алаңында және осының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялаумен өтетін болады. Қабылданған заңдар барынша бәсекеге қабілетті, прагматикалық және ең жоғарғы стандарттарға жауап бере алатын, яғни еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізден талап ететін нақ осындай тәсілдерді біз сессиядағы жұмысымызда басшылыққа алатын боламыз”, – деді Н. Нығматулин.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы