• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында «ЖҚЖК-2020» мембағдарламасын іске асырудың жаңа әдістері енгізілуде

Павлодар облысында «ЖҚЖК-2020» мембағдарламасын іске асырудың жаңа әдістері енгізілуде

8 Қаңтар, 2014 14:00
2014 жылдан бастап Павлодар облыстық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің айлық жалақысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына адам тартуына байланысты төленетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мұндай тың бастама облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар координациясы басқармасының басшылығы тарапынан енгізіліп отыр. Ондағы мақсат орталықтың қызметінің тиімділігін арттыру мен мемлекеттік бағдарламаға халықты барынша молынан тарту», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап қолға алынып отырған тағы бір жаңалық – тірек ауылдарды дамыту бойынша шеберлік жоспарын дайындау.

«Мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндіктері, соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ауылды дамытудың шеберлік жоспарын іске асыру мен дайындау арқылы Павлодар облыстық елді-мекендердің тірек ауылдарына қарай ыңғайландырылатын болады. Шеберлік жоспары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комиссиясы тарапынан дайындалады», - деп түйінделген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар