- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі жұмыссыздарға 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады
Астана әкімдігі жұмыссыздарға 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады
Тізімде ең сұранысқа ие бос жұмыс орындарының ішінде – жуушылар, жинаушылар, мұғалімдер, медбикелер, электриктер, слесарь-сантехниктер, сатушылар, аспазшылар бар.
Елорданың мыңдаған жұмыс берушілері өздеріне еңбеккерлер іздеуде. Астана әкімдігінің мәліметінше, қаңтар-тамыз қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің ішінде жұмысқа орналасқандар 71,1% құрайды. Жұмыс іздеушілер саны 11536 адам, еңбекпен қамтылды – 8204 адам (8072 тұрақты жұмысқа, 512 уақытша, 695 жастар тәжірибесі бойынша, 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1739 қоғамдық жұмысқа).
Жалпы елорда жұмысыздық деңгейінің төмендігі жағынан алдыңғы орындарда болуды жалғастыруда. Бұл көрсеткіш республикалықтан 0,4%-ға төмен. 2017 жылдың екінші тоқсанында қалада жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды (жоспар бойынша - 4,7%). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 4,5% (жоспар бойынша – 4,7%), әйелдер жұмыссыздығы – 4,6%, (жоспар бойынша 4,9%)
Бұдан бөлек, осы жылы жұмыссыздарды еңбекпен қамту мақсатында тоғыз бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы жұмыстар жүргізілуде (Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram), «CZ Astana» мобильдік қосымшасы құрастырылып, жұмыс істеуде. Онда бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіби біліктілікті тестілеу қолжетімді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді