ЕАЭО және Греция кәсіпкерлері қыркүйекте өтетін форумда кездеседі

6 Қыркүйек, 2017 10:53
11 қыркүйекте Грецияда «ЕАЭО – Греция: ынтымақтастық пен даму үшін жаңа көпір» іскерлік форумында ЕАЭО елдері мен Греция Республикасының кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады.

ЕЭК ақпараты бойынша, форумда кооперациялық жобалар мен өзара инвестициялар үшін мүмкіндіктер, сондай-ақ Грецияда шығарылатын тауарлардың техникалық реттеу, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау талаптарына сәйкестігі мәселелері талқыланады.  

«Форум – ЕЭК пен Греция Республикасы Үкіметінің ынтымақтастығы туралы 2017 жылғы 24 маусымдағы бірлескен декларацияның ережелерін іске асыру жолындағы алғашқы қадам. Біз ЕАЭО мен Греция кәсіпкерлері мен өнеркәсіп саласы арасындағы бизнес-диалог үшін кеңістік құруға тырысамыз және біздің жұмысымыз жаңа бірлескен жобаларға, елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне және анағұрлым тығыз экономикалық әріптестікке әкеледі деп сенеміз», - деді ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно.

Іс-шараның негізгі тақырыптарының арасында энергетика, көлік қызметтері саласындағы өзара іс-қимыл, логистикалық инфрақұрылымды, аграрлық және өнеркәсіптік өндірісті дамыту, инновациялық идеяларды іздеу бар. 

Форум «T.I.F. 2017» жыл сайынғы көп салалы көрме-жәрмеңкесі аясында өтеді. Биылғы көрменің құрметті қонағы Қытай Халық Республикасы болмақ. 

Барлық жаңалықтар