- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалықтардың жылыту маусымына дайындығы 90%-ды құрайды
Ақмолалықтардың жылыту маусымына дайындығы 90%-ды құрайды
Ақмолалықтардың жылыту маусымына дайындығы 90%-дан астам, бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Виктор Радченко облыс әкімдігінің отырысында хабарлады.
Оның ақпараты бойынша, жылыту маусымына дайындық жоспарлы режимде жүріп жатыр, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің дайындығы 90%-дан астам, жөндеу жұмыстарына қарастырылған қаражат толық көлемде игерілуде.
«Ағымдағы жылғы 31 тамызға дейін облыс бойынша 629 қазандық, 762 білім беру объектісі, 597 денсаулық сақтау объектісі, 2 мыңнан астам тұрғын үй дайындалып, 50 км жылу желісі мен 40 км астам сумен жабдықтау және су тарту желісі жөнделді», - деп түсіндірді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, В. Радченко 115 білім беру мекемесінде ғимараттардан қазандықтарды шығару талап етілетінін айтты.
«Оларды кезең-кезеңмен шығару жоспары 2020 жылға дейін әзірленген. Ағымдағы жылы 11 білім беру ұйымында блок-модульдік қазандық салуға облыстық бюджет қаражатынан ЖСҚ әзірлеу мен мемлекеттік сараптама үшін қаражат бөлінді», – деді ол.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
Жылыту маусымы кезiндегi өpт қауiпсiздiгi: нені білу керек -
Жылыту маусымына дайындық қалай -
Коронавируспен күрес: Дәрі-дәрмекті қалай тегін алуға болады/ Провизорлық орталықтардың дайындығы қалай -
Өткен жылыту маусымында 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды -
А.Жұмағалиев: Жыл соңына дейін 900-ден астам ауыл мобильді интернетпен қамтылады -
А.Мамин мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды -
Алматыда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетілуде -
Жылыту маусымына дайындық қалай жүргізілуде -
Елімізді газбен қамту деңгейі 50 пайызды құрайды – Қ.Тоқаев -
Латын графикасына көшуде педагогтардың дайындығы кезең-кезеңімен өтеді