Ақтауда Каспий маңындағы елдері жастарының форумы өтеді

6 Қыркүйек, 2017 09:34
Ақтауда Каспий маңындағы мемлекет жастарының Халықаралық форумы өтеді, бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім болды.

21-23 қыркүйек аралығында  Ақтауда  бес каспийлік елдің қатысуымен Халықаралық жастар форумы өтеді.

«Форум қатысушы елдердің жастар саясаты  саласындағы ынтымақтастығын нығайтады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын  ілгерілендіруді  жүзеге асырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламалық мақаласында халықтың этникалық ерекшелігінің сақталуына, мәдениет пен тарихтың  сақталуына ерекше мән берген. Бұл орайда қазақстандықтарды патриотизмге дайындау мәселесі маңызға ие», - деп хабарлады ӨКҚ.

Форумның  мақсаты  коммуникативтік пікірталас алаңының құрылуы мен  жас көшбасшылар арасында  мәдениетаралық диалогтың қалыптасуын жүзеге асыру.

 

Барлық жаңалықтар