Астанада нысандарды ақпараттық модельдеу технологиясы енгізілуде

5 Қыркүйек, 2017 20:14
Астана ТМД елдері ішінде алғаш болып халықаралық стандарттар бойынша шебер-жоспар құрады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бұған бизнес өкілдерінің операциялық шығындарды қысқартып, өндірілетін тауарлардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін «жасыл экономиканы» енгізуге қызығушылық танытуы септігін тигізді.

Елорданы дамыту жөніндегі шеберлік жоспары 2 миллион тұрғынға есептелген және қаладағы инфрақұрылымның кешенді және теңестірілген дамуын қамтамасыз етуге, қоғамдық кеңістікті дамытуға бағытталған.

"Қала әкімдігі  жобалаудан бастап пайдалануға берілгенге дейін құрылыстың барлық кезеңдерінде нысандарды ақпараттық модельдеу технологиясын (ВІМ технологиясы) енгізді, бұл құрылыс құнын 20%-ға, пайдалануды ескергенде 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Сингапур мен Минск қалаларын үлгіге ала отырып, құрылыстың жаңа «жасыл» стандартын енгізу жоспарлануда. Бұл  ғимараттарды жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын ресурс үнемдеу талаптарын арттыру арқылы әр түрлі деңгейдегі ғимараттар үшін жылу, су, газ және электр ресурстары нормативтерін анықтауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Барлық жаңалықтар