ОҚО-да 30 шағын су қоймасының құрылысы басталмақ

5 Қыркүйек, 2017 19:59
ОҚО-да алдағы жылы жалпы құны 2-кезеңде шамамен 6,3 млрд теңге болатын 30 шағын су қоймасының құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өңір әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі өңірлік комиссия отырысында белгілі болды.

Жиынға комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» жобасына енгізілген 1-кезеңдік іс-шараларды жүзеге асыру барысы талқыланды. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі су тасқынына қарсы  98 инженерлік іс-шара атқарылып, су жинақтау көлемі 342,75 млн шаршы метрді құрайтын 30 шағын су қоймасы анықталған. Нәтижесінде 12 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Биыл жергілікті бюджеттен 2 нысанға 174, 2 млн теңге бөлінсе, қалған 10 нысанға 960,98 млн теңге қарастырылған. Алайда, республикалық жол картасын бекіту кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 29 нысан енгізілмей қалған. Осы қалған 29 нысан бойынша облыстық деңгейде арнайы іс-шаралар кешені әзірленіп, облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінген. Жалпы құны шамамен 6,3 млрд теңге болатын 30 шағын су қоймасының құрылысын жүзеге асыру IІ  кезеңнен тұрады.

Бүгінгі күні аталған жоспардың бірінші кезеңінде жалпы құны 3,8 млрд теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған.

Барлық жаңалықтар