• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық хирургтар балалардың көмейінің тарылуын емдеу бойынша жаңа технологиялар меңгеруде

Қазақстандық хирургтар балалардың көмейінің тарылуын емдеу бойынша жаңа технологиялар меңгеруде

5 Қыркүйек, 2017 18:31
«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 4 және 8 қыркүйек аралығында «Балалардың 4-дәрежелі тыртық көмейінің тарылуын хирургиялық жолмен емдеу» тақырыбында шеберлік класы өтуде, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Шеберлік класын өткізуге Италияның профессоры Роберто Пукседу тартылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық дәрігерлерге инновациялық технологияларды енгізуде ғылыми-практикалық көмек көрсету.

Оның шеңберінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері профессор Роберто Пукседумен бірлесіп тыртық көмейінің тарылуына, созылмалы сиалоаденитке, лимфалық жүйенің туа біткен ақауына, лимфангиомаға шалдыққан, шетелде емделуге мұқтаж пациенттерге операция жасайды.

Шеберлік класс барысында отандық хирургтар Қазақстанда осы патологияға шалдыққан балаларды емдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды меңгеретін болады.

Бұрын осындай диагнозы бар балаларды шетелге емделуге жіберетін, онда мұндай операциялардың құны 25 мың евроға дейін жетеді. Қазақстанда оны тегін жасайды.

 

Барлық жаңалықтар