- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 9 көпір жөнделеді
Қарағанды облысында 9 көпір жөнделеді
«Жазғы маусым аяқталды. Біздің аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескерсек, жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын толықтай аяқтау үшін уақыт аз қалды. Жол-құрылыс маусымын жүзеге асыру ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады», - деді Ерлан Қошанов аппараттық жиналыс барысында.
Облысымызда көлік инфрақұрылымын дамытуға 2017-ші жылы қомақты қаражат бөлінген –33,5 млрд. теңге. Бұл сомаға 863 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған. Бірнеше жылда алғаш рет жергілікті маңызға ие жіне қала ішіндегі жолдарды жөндеуге осындай үлкен назар аударылып отыр. Ол жолдарды жөндеуге жалпы соманың жартысына жуығы бөлінген – 15,1 млрд. теңге.
«477 шақырым республикалық маңызға ие жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қарағанды-Теміртау жол учаскесінде қайта қалыпқа келтіру өткізілуде. Биылғы жылы Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналып өту жолдары жобалары бойынша жаңа учаскілерді салу және қалыпқа келтіру жұмыстары басталады. Қазіргі таңда байқау процедуралары жүріп жатыр. Жезқазған-Қарағанды жолында барлық 513 шақырымның 156 шақырымы қамтылған. Ол аймағымыздың екі ірі қаласының арасындағы көлік байланысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді облыстық Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Әскербек Халтонов.
Облыстық маңызы бар жолдарда 2015-ші жылы болға су тасқыны салдарына қираған 4 көпір қайта қалпына келтіруде. Соқыр, Талды, Нұра, Жаман-Сарысу өзендерінің үстімен өтетін көпірлер де жөнделеді. Сонымен бірге облыстық маңызы бар 61 шақырым жол жөнделіп болды.
«Алғаш рет облысымызда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқынының алдын алу және жою жұмыстары бойынша бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. 2017-2018-ші жылдары 9 көпір және 54 су өткізу құбырлары жөнделеді. Ағымдағы жылы екі көпірде жіне 40 су өткізу құбырларында жөндеу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталуы тиіс», - деп атап өтті Әскербек Халтонов.
Оның айтуынша су тасқыны кезінде анағұрлым қирау қаупі бар нысандар таңдап алынған.
Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларында биылғы жылы ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатықанын жеткізді баяндамашы.
«Қарағандыда жалпы ұзындығы 153 шақырымды құрайтын 127 көшеде жөндеу жүргізіледі. Олардың ішінде 46 көшеде жөндеу аяқталған, 46 көшеде жалғасуда, ал 33 нысанда дайындық кезеңі өткізіліп жатыр. 102 нысанда жөндеу жұмыстары 2018-ші жылға жылжытылды», - деп мәлімдеді басқарма басшысы.
Теміртауда 11 көшенің 8-де жұмыстар аяқталды, Балқашта 13-тің 10-да жөндеу өткізілді, ал Жезқазғанда 6 көшенің 4-уінде жолдар қалыпқа келтірілген. Дегенмен қатар Жезқазғанда асфальтты уақтылы төсемегендіктен жөндеу мерзімі кешігуі мүмкін деген қауіп бар.
Сонымен қатар Қарқаралы ауданындағы Қарағайлы кентіндегі жол жөндеу мәселесі де түйіткілді болып тұрғаны жацлы жиналыста тілге тиек етілді. Шет ауданының Ақсу-Аюлы елді мекенінде Шортанбай көшесін жөндеуге бөлінген 80 млн теңге игеріліп үлгермеуде. Мердігер осы уақытқа дейін жұмысты бастамаған.
«Жыл қорытындысы бойынша кім қалай жұмыс істегені, кім қаржыны қайтарғаны – барлығы жазаланатын болады. Ақша бөлінді, ал сіздер оны игере алмай жатырсыздар. Уақыт аз қалды, апта сайын жөндеу жұмыстары аяқталуы туралы есептерді тыңдайтын боламыз», - деп ескертті Ерлан Қошанов.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді