2013 жылы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғыртуға 13,5 млрд теңге жұмсалды

8 Қаңтар, 2014 12:45
2013 жылы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жаңғыртуға 13,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды кәсіпкерліктің баспасөз қызметі.

«Өткен жылы аталмыш зауытты модернизацияға, техникалық жарақтану мен кәсіпкерлікке күрделі жөндеу жұмыстарына баса мән берілді. Осынау жұмыстарға 13,5 млрд теңге жұмсалды. №2 цехтың №28 тауар-шикізаттық парк аумағында екі жаңа нысан бой көтеруде. Оның әрқайсысы 20 мың текше метр шикізаттық мұнайды сыйдыра алады. Бұл құрылыс 2014 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Жалпы, 2013 жылы кәсіпкерлік 5,09 млн тонна мұнай өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артық.

«Жылдың өндірістік бағдарламасы орындалды. Кәсіпкерлік 2016 жылы 7 млн тонна өнім шығару тапсырмасын орындау жолында алға жылжып келеді», - деп түйінделген хабарламада.

Барлық жаңалықтар