- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Италия климатты сақтау саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Қазақстан мен Италия климатты сақтау саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Кездесу барысында Италия Экономикалық даму министрінің орынбасары Иван Скальфаротто басқарған Италия делегациясы мен Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков басқарған қазақстандық делегация елдердің әрқайсысында қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізіліп жатқан саясат туралы ақпаратпен алмасты.
Кездесу соңында ҚР энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Италия Республикасының Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрінің орынбасары Барбара Дегани Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрлігі арасындағы Климаттың өзгеруіне және оның салдарына осалдық, тәуекелді бағалау, бейімдеу саласында ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Аталған Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаттары: климаттың жаһандық өзгеруімен күрес бойынша іс-әрекеттерді күшейту мен үйлестіру, олардың келеңсіз салдарын жою, климаттың өзгеруіне осалдықты төмендету және тәуекелді бағалау тетіктерін қолдау, таза және тиімді энергияны ілгерілету, тұрақты төмен көміртекті экономикаға көшуді ынталандыру, Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау үшін бейімделу іс-әрекеттерін және мүмкіндіктерді жүзеге асыру.
Тараптар Меморандумға қол қою климаттың өзгеруі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономикаға» көшу, қалдықтарды басқару және басқа да салаларда екі Министрліктің арасында нәтижелі ынтымақтастықтың жалғасы болатындығына сенімді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды