- Басты
- Жаңалықтар
- Девандас Агилар медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу жайымен танысты
Девандас Агилар медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу жайымен танысты
ЕХӘҚ министрлігі хабарлағандай, 2015 жылы Қазақстан Мүгедектер құқығы туралы конвенцияны ратификациялағанын және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты міндеттерді іске асыруға кіріскенін атап өтті.
Конвенцияға қол қойғаннан бастап, ел Үкіметі, мүгедектердің жағдайын жақсартуда нақты шараларды қолға алды. Осы орайда, айрықша көңіл, мүгедек жандарға кедергісіз орта қалыптастыру, жұмысқа орналастыру және инклюзивті білім беруді дамыту бағыттарына бөлініп отыр.
Қос тараптың өзара сұхбатына арқау болған негізгі тақырыптың бірі әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларының мұқтаж азаматтарға қолжетімділігі жайында өрбіді. Бұл тұста мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер тағайындау, мүгедек жандарға дербес көмекшілердің қызметін ұсыну, оңалтуға қажет техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту түйткілдері тарқатылды.
Тамара Дүйсенова БҰҰ арнайы баяндамашысын жыл сайын Министрлік өткізетін Үкіметтік емес ұйымдардың үздік әлеуметтік жобаларының бесінші мерейтойлық көрмесіне және Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына шақырды.
«Осы уақытқа дейін біраз іс-қимылдардың атқарылғаны анық. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне толық араласып, алаңсыз өмір сүруіне кедергі келтіретін барлық кемшіліктерді жою үшін әлі де тындыратын шаруа жетерлік», - деді Еңбекмині басшысы.
БҰҰ Мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Министрдің жан-жақты ақпаратына алғысын білдіріп, Қазақстан Үкіметі мүгедектер мүддесін қорғауда қол жеткізген мардымды нәтижелердің барын атап өтті.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментінде болған Девандас Агилар ханым, медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу жайымен танысты. Арнайы баяндамашыны елімізде мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің қыр-сыры қызықтырып, «Мүгедектігі бар тұлғалар деректерінің орталықтандырылған банкі» ақпараттық жүйесінің жұмысына назар аударды.
Ресми сапар қорытындысында жиналған түйінді ақпарат, К.Девандас-Агилардың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне ұсынатын есебінде көрсетілетіні көзделуде.
Еске сала кетсек, Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндама Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетіне жолданған болатын.
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды