- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда жасыл технологиялар орталығы ашылады
Шығыс Қазақстанда жасыл технологиялар орталығы ашылады
«Қазақстанның "жасыл" экономикаға көшуі тұжырымдамасына сәйкес бізде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, біз Еуропалық қайта құру банкімен Өскемен және Семей қалаларының көшелерін жарықтандыру жұмысын бастадық. Сондай-ақ жел электр станциясын салу жоспарланып отыр. Қазір «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы бойынша мен уәкілетті басқармаға Астанадағы "Арнасай" жасыл технологиялар орталығының тәжірибесін зерттеуді және бізде де осындай орталық ашуды тапсырдым. Бұл Қазақстандағы ең тиімді орталық болады деп ойлаймын. Ол үшін бізде барлық қажетті жағдайлар бар. Орталық жуық арада пайда болады, оны жоо немесе ооо жанынан ашу керек деп санаймын», - деді ШҚО әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ ШҚО билік өкілі Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің бірегейлігін де атап өтті.
Астанадағы «ЭКСПО-2017 көрмесі – бұл бірегей көрме. Біз инновациялар мен технологиялар саласындағы жетістіктерді зерттеп, талдау үшін 4-5 күнге көрмеге өз адамдарымызды жіберген едік. Облыстық штаб, өңірлік жұмыс топтары 1 қыркүйекке дейін өз ұсыныстарын беруі тиіс. Әрбір өңірде кемінде бір-бір жобадан іске асырылатынына сенімдімін және бұл ел экономикасының одан әрі дамуына үлкен серпін береді», - деп мәлім етті Н. Сактағанов.
Еске сала кетейік, БҰҰДБ дағдарыс кезінде елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отыра, қоғамның барлық санаттарына жататын өкілдерімен ынтымақтастық жасайды. «Жасыл" экономика елдегі бюджет шығыстарының төмендеуіне ықпал етеді. Қазақстан БҰҰДБ өңірлік ынтымақтастық жасауда көшбасшылардың бірі болып табылады.
ЖКӘБ - 2010 жылы ІІІ Астана экономикалық форумында ҚР Президенті Н. Назарбаев ұсынған Қазақстанның халықаралық бастамаларының бірі. Бағдарламаны барлық елдер мақұлдап, ол ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету тұғырнамасына айналды.
Қайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша