- Басты
- Жаңалықтар
- Энергияны үнемдеуге 178 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды – ҚР ИДМ
Энергияны үнемдеуге 178 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды – ҚР ИДМ
2016 жылы МЭТ субъектілерінің энергия ресурстарын жалпы тұтынуы 49 млн тонна шартты отынды құрады. Бұл еліміздің жалпы энергия тұтынуынан 38% және заңды тұлғалардың жалпы тұтынуының шамамен жартысын құрайды.
«Бекітілген жоспарларды талдау қорытындылары бойынша 2015–2016 жылдары МЭТ субъектілерінің энергия үнемдеуге 178 млрд теңгеден астам инвестиция салғанын атап өтуге болады. 2020 жылдың соңына дейін тағы 200 млрд теңгеге жуық қаржы инвестициялау жоспарланып отыр», - деді министр.
Ұлт жоспарының 59 қадамын жүзеге асыру аясында энергия үнемдеуге ынталандыру мақсатында энергия сервистік қызметтер нарығын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ИИДМБ аясында жылу ұстағыш материалдарды, энергия үнемдейтін шамдарды, энергия тиімді электр жабдықтарын шығару бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Таяу жылдарға ведомствоның алдында екі ірі міндет тұр. Біріншіден, энергия үнемдеуге ынталандыру тетіктерін кеңейту қажет. Екіншіден, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру керек, ол жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеудің аймақтық саясатын жүзеге асыру бойынша рөлі мен жауапкершілігін арттыруды; мемлекеттік бақылау тиімділігін көтеруді қарастырады», - деді Ж.Қасымбек.
Министрлік жыл сайын өңірлерге, олардың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметіне бағалау жүргізеді.
«Өкінішке қарай, өңірлерде энергия үнемдеу жұмысы төмен деңгейде жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тек 8 өңір орташа, қалған өңірлер «төмен» нәтиже көрсетті»,-деді министр.
Осыған дейін ИДМ басшысы алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекіткенін айтты. Осы орайда 15 қазанға қарай барлық нысанның жылыту маусымына дайындығын аяқтау керек.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді