• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрі қыс мезгіліне дайындық туралы: көмір қоры 3,7 млн тоннаны құрайды

Энергетика министрі қыс мезгіліне дайындық туралы: көмір қоры 3,7 млн тоннаны құрайды

5 Қыркүйек, 2017 11:56
Электр станцияларында 3,7 млн тонна көлемінде көмір қоры бар, бұл өткен жылғы деңгейден 24% артық. Жалпы, 2017-2018 жылғы күз-қыс мезгіліне дайындық аяқталу кезеңінде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлім етті.

Министр хабарлағандай, ағымдағы жылы 10 энергия блогын, 61 энергетикалық қазандықты және 49 турбинаны жөндеу жоспарланған.

«Биылғы жылдың қыркүйегінде 4 энергоблокта, 28 қазандық пен 22 турбинада жұмыстар аяқталды. 4 энергия блогында, 30 қазандық пен 21 турбинадағы жұмыстар аяқталу үстінде. Жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 25 мың км электр тарату желілері мен 6300 қосалқы станцияны жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 17,2 мың км электр тарату желісі жөнделген, бұл жылдық жоспардың 71%-ын құрайды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары белгіленген трафикке сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді Қанат Бозымбаев. 

Ведомство басшысының мәліметі бойынша, электр станцияларында 3,7 млн тонна көлемінде көмір қоры бар, бұл өткен жылғы деңгейден 24% артық, сондай-ақ 82 мың тонна мазут бар. Сонымен қатар, бірқатар өңірлер бойынша жекелеген мәселелерге көңіл бөлу қажет.

«Әзірленген кестеге сәйкес «Арселор Миттал Темиртау» 2-ЖЭО-да 2 қазандықты жөндеу жоспарланса, № 6 қазандық пен №2 турбинаны жөндеу жүргізілуде, жұмыстар ағымдағы жылғы 22 қарашада және 30 қыркүйекте аяқталмақ. Осы ретте жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін 2-ЖЭО қазандықтарының апатты істен шығу жағдайлары белгіленген, бұл жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін көрсетеді. Басқа электр станцияларында жылыту маусымына дайындықты бақылауды күшейту қажет деп санаймыз», - деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

Қ. Бозымбаев мәлімдегендей, ағымдағы жылғы 17 шілдеде аяқталуы жоспарланған №2 қазандықты жөндеу жұмысы әлі аяқталмаған, биыл қазанда аяқтау жоспарлануда.

«Бірінші шілдеден бастап орындалатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты №4 қазандықты ағымдағы кеңейтілген жөндеу аяқталмаған. Маңғыстау облысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқас» станциясының жұмысы тұрақты емес», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бүгінгі күні жер асты қоймаларындағы қажетті газ қоры қамтамасыз етілген.

«Еліміздің газ-көлік инфрақұрылымы объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде, штаттық объектілерге техникалық қызмет көрсету кестелер мен жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатыр. 2017-2018 жылғы жылыту маусымында оңтүстік өңірлерді «Қазақстан-Қытай», «Бұхар Газ ауданы – Ташкент – Бішкек - Алматы» газ құбырлары бойынша газ жеткізу есебінен газбен жабдықтау жоспарлануда», - деді энергетика министрі. 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар