Алматыда 28 білім беру нысанына сейсмикалық нығайту жүргізілді

5 Қыркүйек, 2017 14:51
Алматыда биылғы жыл алғаш рет 28 оқу нысандарын сейсмикалық нығайту жұмытары жүруде, олар - 22 мектеп пен алты бала бақша, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалада мектеп жасына дейінгі жеті балалар мекемелерінде құрылыс жұмыстары жүруде. Мысалы, №110 мектеп жанында бала бақша салынады, №6 бала бақша жанындағы қосалқы нысанның құрылысы бітеді. Келер жылы №184, №185 мектептер жанындағы бала бақшалар, Наурызбай және Алатау аудандарында әрқайсысы 320 орынды үш бала бақша пайдалануға беріледі.

2018 жылы Наурызбай ауднында 1200 орынды, Алатау ауданында 600 орынды мектептер, №1 Педагогикалық колледж бен №151, №185 және басқалары жанынан қосалқы нысандар іске қосылады.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жыл ішінде қалада 15 мың орынды 280 бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ», «Қалқаман» ықшам аудандарында мектептер жанына 1800 орынды қосалқы нысандар салынды.

Мемлекеттік – жеке әріптестік аясында 2016 жылы жеке қаржылар есебінен 5,7 орынды 175 бала бақшалар мен мини-орталықтар ашылды. 2017 жылы 200 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан жасалған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді.

Қалақұрылыс кеңесінде тұрғын кешенін салу мәселесі қаралғанда бала бақшалар мен мектептерге айрықша назар аударылады. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мың орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттің 24 млрд. теңге қаржысы үнемделді.

Алматыда «Жастар жылы» жарияланған соң Жол картасы жасалды. Нәтижесінде 2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланды. 1200 орынды тағы бір жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірге жастардың жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтер алуына мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама жасалды.

 

Барлық жаңалықтар