- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-оқыту орталығы өз жұмысын бастады
Алматыда атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-оқыту орталығы өз жұмысын бастады
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ хабарлағандай, «МЕНОЦАП» атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-оқыту орталығы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ арасындағы ынтымақтастық туралы бас келісімнің нәтижесінде құрылды.
Орталық «Пайдалы қазба кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау», «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайтын болады. Бұдан бөлек Орталықта зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіліп, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін ғылыми-ағарту, әдістемелік құралдар, мультимедиалық оқу материалдары әзірленеді. Сондай-ақ бірегей білім базасы және уран өнеркәсібінің ғылыми-әдістемелік орталығы құрылады.
«Қазатомөнеркәсіп« ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры Бауыржан Ыбыраев «МЕНОЦАП» орталығының ашылуында атап өткендей, Орталықтың оқу бағдарламасы бәрінен бұрын Қазатомөнеркәсіптің сұранысына бағытталған.
«Студенттер негізгі білімді осы Орталықтан алып, кен орындарына жиі шығатын болады, ол жерде мамандарымыз практикалық сабақтар жүргізеді. Жыл соңына қарай Орталық Украина, Моңғолия және Чехиядан келген студенттерді оқыта бастайды. Қазір салада заманауи тәжірибе мен білімге ие жоғары білікті мамандарға сұраныс бар. Келер жылдан бастап Қазақстан ядролық отын өндіруші мемлекеттер пулына қосылады. Сондықтан біз бүгін айтып отырған мамандықтар – алғашқы қарлығаштар, біз бұл бастаманы дамытып, жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын боламыз», - деді Б. Ыбыраев.
«Қазатомөнеркәсіп болашақта табысын молайтуға қазірден берік іргетас қалап отыр. Орталықтағы оқу бағдарламасы магистранттар даярлау үшін барлық қажетті құзыреттерді бере алады. Жас мамандарды оқытумен үлкен өндірістік тәжірибеге ие Қазатомөнеркәсіптің ардагерлері шұғылданады. Орталықтың студенттері мен педагогикалық құрамына мол табыстар тілеймін», - деп жиналғандарды құттықтады Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ ректоры Искандер Бейсембаев.
«МЕНОЦАП» орталығындағы оқу орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқытушылары – ҚазҰЗТУ профессор-оқытушылар құрамы, «Ақсақалдар кеңесі» «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Құрметті профессорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ шетелдік мамандар. Магистратураға студенттер конкурстық негізде қабылданады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі