- Басты
- Жаңалықтар
- Музыка өнерінің бесігі: ЭКСПО-да Италия күні өтті
Музыка өнерінің бесігі: ЭКСПО-да Италия күні өтті
Дәстүр бойынша шараның ресми бөлігі Тудың көтерілуі мен ұлттық әнұранның орындалуынан басталды. Қарсы алу сөзін ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов пен Италияның экономикалық дамыту министрінің орынбасары Иван Скалфаротто сөйледі.
«Италия Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Ол еуропа елдері ішіндегі белсенді экономикалық серіктес болып табылады. Бұл туралы ірі итальяндық компаниялар мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы көрсетеді. Қазақстан мен Италияның үкіметаралық жұмыс тобы өнеркәсіптік экономикалық ынтымақтастық пен екі ел арасында серіктестік қарым-қатынасты дамытудағы жұмысы ерен», - деді Айбатыр Жұмағұлов.
Вице-министр айтып өткендей, Қазақстанның Италиямен тауар айналымы биылғы жылдың жарты жылдығында 4 млрд 798 млрд долларды құрады, ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артты.
Өз кезегінде, Италияның экономикалық дамыту министрінің орынбасары Иван Скалфаротто айтып өткендей, ЭКСПО баламалы энергия көздерін дамытуға серпін береді.
« «ЭКСПО-Милан-2015» және «ЭКСПО-Астана-2017» көрмелерінің тақырыптары арасында ұқсастық бар. Екі көрме де жаһандық проблеманың шешімін табуға итермелейді. Себебі, энергия мен азық-түліктің жетіспеуі әркез өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан да ұрпақтың гүлденуі үшін біз жаңа жолдарды тауып, жүзеге асыруымыз керек», - деді ол.
Италия күнінің ашылу салтанатына Нелло Сальца солисі басқарған итальяндық ансамбль Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының сүйемелдеуімен қатысты.
Айта кетейік, Нелло Сальца – танымал итальяндық сырнайшылардың бірі.
Шарадан соң итальяндық делегация «Нұр Әлем» қазақстандық павиольонына барды.
Айта кетейік, итальяндық павильон төрт негізгі залдан тұрады.
Италия павильонында жетістіктер орны бар, ол апта сайын жаңартылып отырады. Мәселен, Базиликата өңірі Ұлттық музейге өңірдің нышаны болып есептелетін ескерткішті сыйға тартты.
Ақбота Күзекбай
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады