- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰДБ Шығыс Қазақстанда жаңа жобаны іске қосуда
БҰҰДБ Шығыс Қазақстанда жаңа жобаны іске қосуда
«БҰҰДБ аясында бізде бірнеше жоба сәтті іске асырылды. Жалпы оның тарихы 2010 жылға дейін іске асырылған үлкен Семей бағдарламасынан басталған еді. Осы бағдарлама шеңберінде 8 млн доллардан астам қаражат жұмсалды. Осыдан кейін БҰҰДБ-ның ШҚО-ны қолдау бағдарламасы басталды, ол 2010-2015 жылдары іске асырылып, оған 8 млн долларға жуық қаражат бөлінген еді. Бұл БҰҰДБ мен БҰҰ агенттіктерінің және Қазақстан Үкіметінің бірлескен қаржысы. Қауіпті медициналық қалдықтарды азайту жөніндегі қазіргі жоба аясында 700 мың долларға жуық қаражат бөлінді. Бұл Қазақстан аумағындағы ең инновациялық жоба болып табылады. Мұндай үлгілер одан әрі де әзірленеді деген сенімдеміз», - деді М. Алтангерел.
Сондай-ақ ол БҰҰДБ орман экожүйелері саласындағы жаңа жобаны іске қосатынын хабарлады.
«Жаңа жобаларға келетін болсақ, біз орман экожүйелеріне қатысты үлкен жобаны бастағалы жатырмыз. Бұл жобаның құны 8,3 млн долларға жуық. Бұл ШҚО-ның орман экожүйелерін қолдауға бағытталған қомақты сома. 2020 жылы жаңадан қаражат бөлінеді. Біз "жасыл" экономиканы тұрақты дамыту бойынша жаһандық ынтымақтастықты іске асыру және анағұрлым жасыл технологияларға көшу мақсатында жаңа ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдеміз», - деп атап өтті БҰҰДБ өкілі.
Сөз соңында М. Алтангерел БҰҰДБ тығыз ынтымақтастық жасау кезінде Қазақстандағы негізгі донор болып табылмайтынын түсіндірді.
«Біз көптеген жобаларды іске асыру мақсатында әріптес болып табыламыз. БҰҰДБ іске асыратын әрбір жобаға біз басынан аяғына дейін қатысамыз. Біз маңызды бағдарламалар мен жаңа заңнамалық актілерді іске асыруда әріптес болып табыламыз және гранттық қаражат бөлеміз», - деп қорытындылады М. Алтангерел.
Еске сала кетейік, БҰҰДБ дағдарыс кезінде елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отыра, қоғамның барлық санаттарына жататын өкілдерімен ынтымақтастық жасайды. «Жасыл" экономика елдегі бюджет шығыстарының төмендеуіне ықпал етеді. Қазақстан БҰҰДБ өңірлік ынтымақтастық жасауда көшбасшылардың бірі болып табылады.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды