- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музей жаңа жәдігерлермен толығады
Ұлттық музей жаңа жәдігерлермен толығады
«Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінен этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар коллекциясын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тапсыру мен үшін үлкен қуаныш. Бұл коллекциядағы негізгі бұйым ретінде мен ұлттық әйел киімін айта аламын. Өйткені, киімді, әсіресе, әйел киімін – кез-келген ұлттың тұрмысы мен салт-дәстүрінің айнасы деуге болады. Бүгінгі біз сыйға тартып отырған коллекция музейге келушілерге Беларусь елінің мәдениетін толық ашып береді деген сенімдемін!» - деп сөзін түйіндеді Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кочанова Наталья.
Беларуссияның халықтық шығармашылығының жалпы көрінісінде сүлгілер көне заманнан бері белгілі және ерекше орын алады. Олар әрдайым тұрмыстық қолданыс мақсатында ғана емес, сонымен бірге тұрғын үйлер мен икондарды безендіруде, сондай-ақ үйлену, жерлеу рәсіміне және басқа рәсімдерде кеңінен қолданылған.
Беларусь Республикасынан сыйға тартылатын қолөнер туындылары Ұлттық музейдің «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы және көпұлтты Қазақстан» залының, беларусь халқына арналған бөлігіне қойылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Беларусь мемлекеті музейлері арасындағы байланыс белсенді түрде дамып келеді.
2017 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Лиссабоннан Минск арқылы, Мәскеу, Астанадан Владивостокқа дейін» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл жоба Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
Сондай-ақ, Ұлттық музейде 2016 жылы беларусь елінің фотосуретшісі Марина Батюкованың «Сула. Үздіксіз» көрмесі сәтті өткен болатын.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы