- Басты
- Жаңалықтар
- Президент МӘМС енгізуде асықпауға шақырды
Президент МӘМС енгізуде асықпауға шақырды
«Барлық әлемде сақтандыру азаматтарды әлеуметтік қорғаудың маңызды бөлігі, ал сақтандыру ұйымдары – ірі инвесторлар. Біздің елімізде де сақтандыруды дамытып, сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі деңгейін көтеру қажет. Осы жерде медицина саласындағы сақтандыруға қатысты тоқтала кеткен жөн. Бұл ілгері жүретін бағыт, оған ЭЫДҰ елдерінің ішінен 6 мемлекет қана көшкенімен, біз ілгері жүруіміз керек. Бұл 100 қадамда жазылған. Қорға салымдар түсіп жатыр, туындаған сұрақтар аз емес, бізде 2,7 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып саналады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деген не, бұл салықтан тікелей бас тарту деген сөз», - деді Елбасы.
ҚР Президенті Үкіметке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырды.
«Осы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – үш миллион адам – медициналық сақтандырудан тыс қалады. Ал олар кейін не демек? Бұл ілгері бағыт және мен оған қарсы емеспін, алайда, оны жан-жақты зерттеп, пысықтап алу қажет», - деді Н. Назарбаев.
Елбасы халықтың бір бөлігі медициналық сақтандыру қызметтерін мемлекет есебінен алатын болса, енді біреулері ол үшін ақы төлеуі тиіс болатынына наразылық білдіруі мүмкін екенін атап өтіп, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа осыны пысықтап, шешуді тапсырды. Бір шешімге келген жағдайда Парламентпен бірлесіп шешім қабылдайтынын айтты.
Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан Президентінің қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесінен кейінгі Халықаралық қаржы орталығы туралы айтып берді.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды