- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға сенімді киберқалқан керек – ҚР Президенті
Қазақстанға сенімді киберқалқан керек – ҚР Президенті
«Соңғы уақытта цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түсті. Сондықтан да, бұл іспен ұлттық қауіпсіздік комитеті мен үкімет те айналысуы керек. Бұл мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Үлкен мемлекеттер бұның зардабын көріп отыр. Ұлт жоспарында ақпараттық қоғамды дамыту бойынша нақты талаптар қойылған, заң жобасы қаралуда. Екінші тарап бар екенін де ұмытпайық. Соңғы үш жылдың өзінде интернеттегі құқыққа қарсы контент көлемі 40 есеге өсті. Бізге Қазақстанға сенімді киберқалқан керек. Оның құрылуын кейінге шегере алмаймыз, елдің мәдениетін, құндылықтарын қорғауымыз керек. Бұл қауіпсіздік мәселесі. Бүгінгі таңда тікұшақ, танкілермен соғысу керек емес. Вирус жіберіп, электр станцияларын тоқтату жеткілікті. Әскер жіберудің қажеті жоқ. Ең маңызды мәселе осы», - деді Елбасы.
Президент айтып өткендей, ерекше назар аэроғарыштық өнеркәсіп саласына аударылуы керек.
«Саланы дамыту үшін сәйкес министрлік құрылды, келіссөздер жүргізілуде. Министрліктің қызметін толық ашып беретін заң жобасы Парламентке ағымдағы жылы енгізіледі. Өзіндік қорғаныс өнеркәсібін дамыту дегеніміз, бұл ЖІӨ өсімі, жаңа жұмыс орындары. Ғылыми-техникалық үрдіс жүзеге асырылуда», - деді Президент.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы