- Басты
- Жаңалықтар
- Біз салық саясатын едәуір жақсартуымыз керек – ҚР Президенті
Біз салық саясатын едәуір жақсартуымыз керек – ҚР Президенті
«Биыл Парламенттің қарауына жаңа салық кодексінің жобасы енгізіледі. Біз салық саясатын едәуір жақсартуымыз керек, бизнесті ынталандырып, ашық жұмыс істеу қажет», - деді ҚР Президенті.
Елбасы депутаттарға салық саясаты бойынша әлемдік тәжірибені мамандармен толық пысықтап, зерттеулерін тапсырды.
«Қазір жағдай өзгерді. Әлемдік нарық өзгерді, бюджетке түсім жоқ. Мыңдаған жылжымайтын мүлік заңдастырылғаны туралы баяндалды, ал осы жылжымайтын мүліктен салық алынып жатыр ма, жалпы ахуал қандай. Біз барлығына 10% табыс салығын және 20% корпоративті салық енгізген болатынбыз. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Қазір біздің бюджетіміздің табыс көзін қарастыру қажет. Салық кодексін осыған қалай бейімдеу керек. Депутаттардан, әсіресе осы іспен айналысатын комитеттерден әлемдік тәжірибені мамандармен толық пысықтап, зерттеулерін сұраймын», - деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы тиімді емес жеңілдіктерді алып тастау керектігі жайында айтты.
«Тиімді емес жеңілдіктерді алып тастап, салықтық әкімшілендіруді оңайлату қажет. Ағымдағы сессия барысында кеден заңнамасын жаңарту керек. Қазір ЕЭК құрамындамыз, онда ортақ ережелер бар, экспорт пен импорт, сондай-ақ туризм бойынша тартылып жатқан адамдардың Қазақстанға келуі ең дамыған елдердегідей болуы тиіс. Тікелей инвестицияларды тартуға, экспорт өндірісін ынталандыруға бұрынғысынша көп көңіл бөлінуде. Сондықтан арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жақсарту керек», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек