- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Парламент депутаттары заңнамалық бастамаларды ұсына бастады
Н. Назарбаев: Парламент депутаттары заңнамалық бастамаларды ұсына бастады
«Құрметті депутаттар! Бүгін Парламент өз жұмысын жаңа талап бойынша бастайды. Палаталар мен Үкімет жаңа құзыретке ие, яғни жауапкершілік те күшейді деген сөз. Билік тармақтарынан келіп түсетін бастамалар саны аз болып отыр. Алдында Үкімет ауысқан кезде болып жатқан жағдай туралы айтқан болатынбыз. Одан әрі бұған жол беруге болмайды. Барлығы Конституция, Заң бойынша жазылған. Әрбір министр өзінің учаскесіне жауап береді, соған жауапты. Үкімет елдің экономикалық саясатына, бағдарламалардың жүзеге асырылуына толық жауап береді», - деді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев айтып өткендей, Парламент заңнамалық және бақылаушы билік ретінде құзыретті орындайды, алайда бүгінде негізгі қысым атқарушы билікке түсіп отыр.
«Осы туралы нақты, ашық айтайық. Тәжірибелік тапсырмалар атқарушы билікке жүктелген. Ел Үкіметі заңнамалық жұмыстар жоспары аясында заң жобаларының көп бөлігін әзірлеушісі болып табылады. Парламент депутаттары заңнамалық бастамаларды көптеп ұсына бастады. Бұл оңтайлы құбылыс. Алайда, өңірлік немесе тар ведомстволық қызығушылықтан емес, жалпы мемлекеттік деңгейдегі қызығушылықты қарастыру керек. Әр депутат қай өңірден сайланды, сол аймаққа жақсы болғысы келеді. Алайда, «Парламент туралы» Конституция Заңына сәйкес біз барлық елге бірдей жұмыс істейтінімізді белгіледік, сол кезде өңірлердің де жағдайы жақсы болады», - деді Н.Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, соңғы уақытта заң шығару үрдісі ашық бола түсті, алайда басты назарды түсіндіру жұмыстарына аударған жөн.
«Азаматтар көп жағдайда ақпараттандырыла бермейді. Өздерінің құқықтары мен міндеттерін білмей жатады. Заңдарды қабылдаған кезде қоғаммен, халықпен кеңеспейміз. Сондықтан да, түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн. Түсіндірмесек, аталмыш заңдар не үшін қабылданады. Сол үшін, депутат пен облыс әкімдері түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударуы керек», - деді Елбасы.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады