• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада желтоқсан айындағы күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады

Астанада желтоқсан айындағы күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады

8 Қаңтар, 2014 11:15
Астанада 2013 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады.

«Халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда, негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төмен мөлшерінен алып есептегенде, өткен аймен салыстырғанда 1,6% артып, 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3% төмендеді»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 24,2%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа 16,5%, жемістер мен көкөністер 9,5%, нан мен жарма өнімдері 8%, қант, шай мен қоспалар 1,8% құрады.

 

Барлық жаңалықтар