Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

4 Қыркүйек, 2017 11:02
Бүгін Парламент Мәжілісінің ғимаратында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

Депутаттық корпус  бірқатар мәселелер мен оның шешімдерін талқылайтын болады.

Айта кетейік, екінші сессия барысында  6 бірлескен  отырыс,  38 Мәжілістің жалпы отырысы мен  25 Сенаттың жалпы отырысы өтті.

Сессия жұмысы кезінде палата  депутаттары 357  депутаттық  сауал жолдады, оның ішінде Мәжіліс депутаттары 284, Сенат депутаттары  73 сауал жолдады.

Айта кетейік,  28 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин  «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен  отырысын шақыру  туралы» Өкімге  қол қойды.

Қайрат Жандыбаев

 

 

Барлық жаңалықтар