- Басты
- Жаңалықтар
- Ел мектептеріндегі сабақ ұзақтығы 40 минутқа дейін қысқартылды
Ел мектептеріндегі сабақ ұзақтығы 40 минутқа дейін қысқартылды
Министрлік бұл үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктердің болуын қамтамасыз етеді.
«Біздің ойымызша, министрлік әр мектептің сабақ кестесін белгілеп, бекітуге араласпауы тиіс. Бұл мәселені әрбір мектеп өздігінен шешеді. Мысалға, мектепте барлық сабақтар бір ауысыммен өткізілсе, немесе мектеп көлемі мен кабинеттер саны 5 күндік оқу аптасын екі ауысымда жүргізуге мүмкіндік берсе, онда мектеп басшылығы қамқоршылық кеңеспен, немесе ата-аналар комитетімен келісіп, жаңа тәртіпке көшуді таңдай алады. Мектептердің басым көпшілігінің «бескүндікті» таңдау мүмкіндіктері бар. Оқу процессі үш ауысымда жүргізіліп жатқан мектептердің мұндай тәртіпке көше алмасы түсінікт», - делінген ведомство хабарламасында.
Жоғарыда айтылғандай, гимназиялар мен лицейлерде 5 күндік оқу аптасын енгізу күрделірек мәселе. Мұндай мектептерде негізгі жүктемеден бөлек гимназиялық және лицейлік компоненттер болады.
« Еліміздегі 7100 мектептің 300-ге жуығы гимназия мен лицейлер. Ондағы бастауыш сыныптарда 5 күндік оқу аптасын енгізу мүмкіндігі бар. Жоғары сыныптар жағдайына келер болсақ, гимназия-лицейлерде үйірмелік және жобалық жұмыстар көлемінің біршамасы сенбі күндеріне жүргізуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда біз сенбі күндеріне күрделі пәндерді қоймай, мәселен, дене шынықтыру, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтар мен үйірмелік жұмыстар, байқаулар мен экскурсиялар өткізуді ұсынамыз», - делінген хабарламада.
Бұл тұста кейбір пәндер бойынша сабақтардың музейлер мен басқа да тарихи, мәдени нысандарда өткізу қажеттігін ескерсек, кейбір сабақтарды мектептен тыс жерлерде өткізу мүмкіндігі бар екендігін ұмытпаған жөн.
Үй тапсырмасын орындауға 2 сыныпта 50 минуттан, 3-4 сыныптарда – 70 минуттан, 5-6 сыныптарда – 90 минуттан, 7-9 сыныптарда - 110 минуттан, 10-11 сыныптарда – 130 минуттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмалары мереке күндеріне және каникулдық кезеңдерде берілмейді. Тек көркем әдебиетті оқуға, жобалық жұмыстарды орындауға, математиканы тереңдетіп оқуға арналған есептерді шығаруға, сондай-ақ, 1 сынып оқушыларының 2-ші жартыжылдықтан бастап оқу дағдыларын жақсартуға қатысты тапсырмалар ғана ерекше жағдайлар ретінде қарастырылған.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап, сабақ ұзақтығы 40 минут болмақ. Мұндай тәртіп Назарбаев зияткерлік мектептерде қалыптасқан. Демек, 40 минуттық сабақ кестесінде күніне 30 минут уақыт «босайды». Сондықтан, қосымша сабақ қосылған жағдайдың өзінде оқушылар мектепте әдеттегіден тек 10 минут артық өткізіп, жүктемесі айтарлықтай өзгермейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді