- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Гондурас СІМ басшылары ынтымақтастықты реттеу туралы келісті
Қазақстан және Гондурас СІМ басшылары ынтымақтастықты реттеу туралы келісті
Қазақстанның СІМ ақпараты бойынша, бұл Мария Долорес Агуэроның Астанаға алғашқы сапары.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Гондурас СІМ желісі бойынша саяси диалогты реттеуге қызығушылық білдірді. Сондай-ақ сауда және туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың анағұрлым перспективалы бағыттарын анықтау қажеттігі атап өтілді.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық қарым-қатынастардың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасты. Екі мемлекеттің халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша позицияларының ұқсастығы атап өтіліп, БҰҰ аясында жемісті өзара іс-қимыл жасауды жалғастыру қажеттігі туралы айтылды.
Делегацияны бастаған Гондурастың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде осы Орталық Америка елінің Ұлттық күнін атап өтуге қатысты. Гондурас бұл күнді өздерінің өнер шеберлерінің әсерлі қойылымымен атап өтті.
«Клмтаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық шаралар 1992 жылы Риода Жер Саммитінен бастап ұзақ жолдан өтті. Бүгін осы күнді мерекелеу кезінде біз өзіміз және балаларымыз үшін үздік болашақты қамтамасыз ету үшін бірігіп қалай әрекет ете алатынымызды түсінеміз», - деді Мария Долорес Агуэро ЭКСПО алаңында.
Айта кету керек, Гондурас — күн энергетикасы үлесі бойынша әлемдік көшбасшы. Статистикалық деректерге сәйкес, 2016 жылы елімізде электр энергиясының 10,2%-ын фотоэлектрлік күн электр станциялары шығарады. Бұл әлемдік өлшемдер бойынша рекордтық нәтиже.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы