- Басты
- Жаңалықтар
- «Туған жер» бағдарламасы аясында Ащыбұлақ ауылында жаңа саябақ ашылды
«Туған жер» бағдарламасы аясында Ащыбұлақ ауылында жаңа саябақ ашылды
Жаңа демалыс саябағы Сабировтар отбасының арқасында ашылып отыр. Олар жоғары технологиямен жемістер мен көкөністерді өсірумен айналысатын «Amal BIO» ЖШС-нің меншік иесі болып табылады.
«Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Патриотизм ең алдымен туған жерге, өз ауылына, қаласына, өңіріне және кіші отанына деген сүйіспеншіліктен бастау алады» деген болатын. Айтылған сөзге құлақ салған Жетісулық кәсіпкерлердің үлкен құлшыныспен және ұлтжандылығымен Мемлекет басшысының «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға жұмыла кірісіп кеткендігі бізді қатты қуантады. Бүгінгі күні Жетісу өлкесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан Алматы облысында туып өскен есімі елге тараған атақты меценаттардың бары белгілі. Осы тұста «Туған жер» бағдарламасы аясында ең алғашқы жоба дәл осы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылып жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Бұл баршамыз үшін жақсы үлгі болмақ. Менің ойымша, осындай игі істер облысымыздың өзге азаматтарының да қолдауын табатын болады. Баршаңызды тағы бір мәрте осынау әсем демалыс саябағының ашылуымен шын жүрегімнен құттықтап, әрбір істеріңізге сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.
1 га аумақты құрайтын саябақта шағын футбол алаңы, балаларға арналған ойын алаңдары, стритбол ойынына арналған алаң, 130 орынға арналған концерт өтетін орын орналасқан.
Саябақтың барлық аумағы абаттандырылған, жарықтандырылған, 100 астам жас көшеттер мен декоративті гүлзарлар отырғызылған. Аталған жобаны іске асыруға меценаттардың өз қаражаты есебінен 30 млн. теіге қаражат бөлінген.
Сабировтардың айтуынша олар бүгінгі іспен тоқтап қалмақ ойлары жоқ. Алдағы уақытта да «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға білек сыбана кірісетін болады. Олардың жоспарында Жаңа тұрмыс және Қазақстан ауылдарында да дәл осында демалыс саябақтарын ашу мақсаты тұр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды