Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтті

2 Қыркүйек, 2017 12:34
Астанада алғаш рет Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстанның әртүрлі бағытындағы кәсіпкерлік өкілдері мен Ресейдің 82 өңірінің бизнес –омбудсмендері, екі елдің мемлекеттік орган жетекшілері қатысты.

Форум жұмысы үш сессиядан құралды, шарада кәсіпкерлердің қызығушылықтары мен құқықтары  талқыланды. Сондай-ақ, әкімшілік және құқықтық кедергілер талқыланды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов  қатысушыларды қарсы алып, Ұлттық палата атқарып отырған жұмыстар туралы қысқаша айтып өтті.

«Бүгінгі таңда бизнесті құқықтық салада алаңдататын  проблемаларды шеш бойынша  тәжірибе алмасу жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш келісім шарттар  ЕАЭО аясында ғана емес,  достық қарым-қатынас аясында да жұмыс істейді», - деді Басқарма төрағасы.

Ол айтып өткендей, бизнестің кері байланысының болуы қуантады. Кез келген қауымдастық – құқық пен  қызығушылықтарды қорғау болып табылады.

Абылай Мырзахметов бизнес үшін кері байланыстың орын алғанын атап өтті. Кез келген қауымдастық кәсіпкерлік құқығын қорғау мен мүддені таныту үшін қызмет етеді.

«Біздің заңнама басқыншылық түрде емес, ол достық қалыпта болуы керек. Бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізде заңнама мен оның қайшылықтарын жақсы білетін институттар жұмыс істейді. Біздің ең басты міндетіміз – келісім жасау күші, бизнес үшін ережелерді өзгерту. Мемлекеттік аппараттың бизнестің қажеттілігіне қарай назар аударуында айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы ҚР Бас прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмысты ерекше атап өтті. Сыбайлас жемқорлық қаупіне қатысты шағымдарды анықтау мен жүйелі шаралар ұсынылуда бірлескен жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

«Біздің міндетіміз – шенеунікке кәсіпкерлік қызметке жасалатын кедергі үшін қолданылатын жаза бар екенін көрсету. Сондықтан кез келген заң мен құжатты кәсіпкерлермен келісу маңызды. Осы бағыттағы жұмыс жүргізіліп келеді. Мемлекет пен бизнестен бөлек халық бар, осыған орай кәсіпкерліктің адалдығы маңызды. Халық сапалы қызмет алуы керек», – деп тұжырымдады Басқарма Төрағасы. Сондай-ақ Абылай Мырзахметов осындай шаралар екі елдің бизнес-ахуалын жақсартуға сөзсіз үлес қосатынын да айтты.

Еске салсақ, 2 қыркүйек күні Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы ашылды. Оған екі елдің бизнес-омбудсмендері, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері мен екі елдің іскерлік делегациясы қатысты.

Қайрат Жандыбаев

Фото: автор

Барлық жаңалықтар