- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Дүниежүзілік кардиоваскулярлық хирургтер қауымдастығының конгресі өтті
Астанада Дүниежүзілік кардиоваскулярлық хирургтер қауымдастығының конгресі өтті
Конгреске Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, көрнекті әлемдік деңгейдегі және қазақстандық кардиохирургтер мен ғалымдар, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, отандық және шетелдік сарапшылар, медицина қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік хатшы конгрестің ашылу рәсімінде Қазақстан Президентінің форумға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып берді. Онда халық денсаулығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі екені атап өтілген. Қазақстан – бүкіл халық жоғары мамандандырылған тегін медициналық көмекке қол жеткізе алатын әлемдегі аз ғана мемлекеттің бірі. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында кардиохирургиялық операцияның барлық түрі жасалады. Ол еліміздің ғана емес, әлемдік кардиохирургияның көшбасшысының біріне айналды. Адамзаттың денсаулығын жақсарту жолында өз білімі мен кәсібилігін іске асыруға дайын жетекші мамандардың басын қосқан жаһандық форум – соның айқын дәлелі.
Бүгінде «Денсаулық» бағдарламасының арқасында Қазақстанның кардиохирургиялық қызметі қарқынды дамып келеді. Егер 90-шы жылдардың басында елде жүрекке жасалатын ашық операция саны жылына 500-ден артпаса, 2016 жылы 12 мыңнан асып түсті. Қазақстан кардиохирургияның даму деңгейі жөнінен озық 30 елдің тізіміне кіреді.
2010 жылы құрылған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы отандық кардиохирургияның көшбасшысы болып саналады. Бүгінге жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауға және емдеуге арналған 18 инновациялық технология енгізілді, әлемнің тек 20 елінде ғана жүргізілетін 2050 бірегей ота жасалды. Орталық жүрек алмастыруға арналған 55 операцияны табысты іске асырды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтер қауымдастығы 1990 жылы Канцлер Джуро Ваданың (Жапония) басшылығымен құрылды. Алғашқы кеңесі 1991 жылы Чиангмайда (Таиланд) өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті