- Басты
- Жаңалықтар
- 43 алматылық жоба Индустриаландыру картасына енді
43 алматылық жоба Индустриаландыру картасына енді
Күн тәртібіндегі басты сұрақ – облыс әкімінің облыстық мәслихат депуттарының алдында өткен 7 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп беруі болды.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың сөзіне сүйенер болсақ, жергілікті атқарушы органдардың есеп беру кезеңіндегі жұмысы негізінен Мемлекет басшысының тапсырмалары мен белгіленген межеге жеткізетін мақсаттық индикаторларды орындауға бағытталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстың 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады.
Негізгі салалар бойынша көрсеткіштердің жақсаруына байланысты экономиканың өсімі 2 % жылдық болжаммен салыстырғанда 2,8 % құрады. Атап айтар болсақ, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,3% өсіп, 396 млрд. теңгеге жетті. 32 жаңа кәсіпорынды іске қосу мен жұмыс жасап тұрған өндіріс орындарын кеңейтудің арқасында қосымша 867 жұмыс орны ашылды. Индустриаландыру картасы бойынша бұған дейін іске асырылған 51 жобаның 43-і өзінің жоспарлы қуатына шықты. Қазіргі уақытта қалған кәсіпорындарды толық қуатына жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, өңір басшысы Ұлт жоспарының 55-56 қадамдарын іске асыру аясында облысқа 7 трансұлттық компаниялар тартылды. Осы жобаларды іске асыру арқылы өңірімізге 160 млрд. теңге инвестиция тартылып, қосымша 2 000 жұмыс орны ашылатын болады. Жалпы ағымдағы жылдың 7 айында облысқа 205,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру сондай-ақ, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, газдандыру, энергетика салалары бойынша бірнеше жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 537 млрд. теңгеге артады деп күтілуде.
Осыдан кейін өңір басшысы А. Баталов ауылшаруашылығы, әлеуметтік сала, туризм, шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысы, газдандыру және өзге де маңызды салалар мен бағыттар бойынша жетістіктерді атап өтті.
Баяндама барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және осы бағдарлама негізінде іске асырылып жатқан жобаларға үлкен көңіл бөлінді.
Облыс әкімінің баяндамасын тыңдап болғаннан кейін, депуттар жарыссөзге көшті. Сөз сөйлеп, пікір білдіргендер қатарында облыстық мәслихаттың депутаттары Ермек Келемсейіт, Рахат Ыбрайымова және Жанкелді Осан болды.
Жарыссөздің қорытындысы бойынша депуттар бір ауыздан облыс әкімінің өткен мерзім аралығында атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері