- Басты
- Жаңалықтар
- 100 ақмолалық талапкер әкімдіктен білім гранттарына ие болды
100 ақмолалық талапкер әкімдіктен білім гранттарына ие болды
Облыстың білім басқармасының ақпараты бойынша, күндізгі оқу бөлімі бойынша педагог мамандықтары бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға Ақмола облысы әкімдігінің мемлекеттік білім гранттарының иегерлері белгілі болды.
Білім гранттарын беру қағидаларына өзгерістер енгізілген. Енді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге қаражат бөлу, яғни білім гранттарын беру құқығы берілді. Ақмола облысы әкімінің тапсырмасы бойынша биылғы жылы педагог мамандықтарына 100 білім гранты берілген.
«Бұл, ең алдымен, педагог кадрлардың жыл сайынғы қажеттігімен байланысты. Білім беру ұйымдарына әр түрлі педагогикалық мамандықтар бойынша 300-ден 350 педагогке дейін талап етіледі», - деп ақпараттандырды Ақмола облысының Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов.
Білім басқармасында талап етілетін мамандықтар тізімі құрастырылды. Соңғы үш жыл ішінде талдау жүргізіліп, онда жыл сайын білім беру ұйымдарына математик, физик, химик, биолог сияқты мамандар, ағылшын тілінің мамандары және тағы басқалары талап етілетіні анықталды.
«Осы кезең ішінде 208 өтініш берілді. Оның ішінде 71 өтініш А.Мырзахметов атындағы университетке түссе, 137-сі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне түскен. Комиссия барлық өтініштерді қарады. Өтініштердің көбі филология мамандықтарына, шет тілдеріне, биология, мектепке дейінгі тәрбиелеу мамандықтарына берілген», - деп түсіндірді В. Гамазов.
Білім басқармасында биыл әкімдіктің қаулысымен педагог мамандықтарына ғана гранттар берілгенін нақтылады. Келесі жылы еңбек нарығының қажеттіліктерін зерттей келе, гранттар Ақмола облысында талап етілетін басқа да мамандықтар бойынша беріледі.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді