- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Тарасенко "жасыл" энергетиканы дамытуда әйелдердің рөлін күшейтуге шақырды
Е. Тарасенко "жасыл" энергетиканы дамытуда әйелдердің рөлін күшейтуге шақырды

«ЭКСПО-2017 көрмесі әр түрлі елдердің технологиялары мен инновацияларын ғана емес, сонымен қатар баламалы энергия көздерін пайдалану және жасыл технологияларды енгізу жөніндегі инновациялық идеяларды ілгерілетуге дайын, қызметтің, бизнес пен саясаттың барлық салаларындағы белсенді әйелдерді де біріктіргені қуантады. Форумның басты міндеті әйелдердің баламалы энергетика мен "жасыл" экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілетуге үлес қосу рөлін күшейту болып табылады. Қазақстан халықаралық қоғамның таза экономикаға көшуі процесінің белсенді қатысушысы екенін атап өткен жөн», - деді Е. Тарасенко.
Сондай-ақ ол жаңартылатын энергия көздерін 50%-ға дейін жеткізу көзделетін, Қазақстан қабылдаған "Жасыл" экономикаға көшу жөніндегі ұлттық тұжырымдама туралы еске салды.
Е. Тарасенко Қазақстан Республикасының Гендерлік саясат жөніндегі жаңа тұжырымдамасы туралы да айтып өтті.
«Гендерлік теңдік проблематикасы және әйелдердің өз-өзін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту - еліміздің басшылығының тұрақты назарында. Қазақстан әйелдердің білім деңгейі мен әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы, ана мен балаға қолдау көрсету және әйелдердің еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы бойынша жоғары нәтиже көрсететінін атап өту қажет. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы бізде 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі ауқымды бағдарлама аяқталған болатын. Биыл Қазақстан ҚР отбасылық және гендерлік саясаты жөніндегі 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдаманы іске асыруға кірісті, онда мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесіндегі гендерлік аспектілерді енгізу шараларына ерекше көңіл бөлінген", - деп түсіндірді спикер.
Жалпы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығы "Әйелдер болашақтың энергиясы үшін" атты бүгінгі форум халықаралық аренада қойылған міндеттердің тиімді шешілуіне өз үлесін қосатынына сенімді.
Бұдан бұрын ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова Париж келісімі аясында Қазақстан елге "жасыл қаржы" тарту үшін БҰҰ жасыл климаттық қорының ресурстарына қолжетімділік алатынын хабарлаған болатын. Атап айтқанда, Қазақстан "жасыл" экономиканы дамыту үшін 280 млн теңге алу мүмкіндігіне ие.
"Таза" энергетикаға көшу жағдайларында тұрақты және инклюзивті өсуді қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттің тиімді әріптестігі негізінде әйелдердің баламалы энергетика және жасыл экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілетудегі рөлі мен үлесін талқылау форумның негізгі мақсаттарына айналды.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда

