- Басты
- Жаңалықтар
- Жасыл климат қоры Қазақстанға не береді
Жасыл климат қоры Қазақстанға не береді

Қазақстан БҰҰ, ЭЫДҰ, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банк сынды халықаралық ұйымдармен жасыл экономиканы дамыту, энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру саласында ынтымақтастық жүргізеді.
Вице-министрдің айтуынша, Үкімет БҰҰ ДБ мен ЕҚЫҰ бірігіп БҰҰ климат қорына ұлттық өтінім жіберді.
«Қазақстан жасыл климат қорының ресурстарына елге «жасыл қаржыны» тарту үшін рұқсат алды. Ол «жасыл облигация», «жасыл несие», «жасыл сақтандыру», «жасыл сатып алу» механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Жасыл климат қорына келетін болсақ, бұл өте маңызды бастама. Бұл Қазақстан үшін біздің келісімнен түсетін пайда. Қор тұрақты жасыл дамуға көшуге қолдау көрсетеді. Оның аясында Қазақстан БҰҰДБ мен ЕҚЫҰ бірігіп әзірлеп, БҰҰ қорына жіберді. Аталмыш өтінім 280 млн доллар сомасында жылдан артық дайындалды», - деді М.Әбілқасымова.
Ол айтып өткендей, үлкен маңыз энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеу технологиясын енгізуге берілді.
Ұлттық экономика вице-министрі айтып өткендей, 2016 жылы ел жасыл даму бойынша ЭЫДҰ Тұжырымдамасына келіп қосылды.
Жалпы, бүгінгі әйелдер форумы тұрақты дамудың гендерлік аспектіне ерекше көңіл бөледі. Форумды өткізу әйелдердің энергетика мен жасыл экономика саласындағы рөлін айқындай түседі.
« «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» халықаралық форумы болашақ энергиясын ілгерілендіру саласындағы жаһандық диалогтың жартысы болып табылады. Бүгінде әлемде баламалы энергия көздері саласында жаһандық өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. БЭК-ға өту соңғы 3-4 жылда айтарлықтай жылдамдады. БЭК үлесі энергия балансында арта түседі. Болжам бойынша, күн және жел энергетикасы 9 пайыздан 22 пайызға артады. Күн энергетикасы бойынша қуаттылықты енгізу 2030 жылға қарай 13 есеге өседі», - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан Париж келісімін қабылдаған алғашқы елдердің қатарында. Оның аясында парниктік газ қалдығын 2030 жылға дейін 15 пайызға қысқарту қарастырылған.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы

