- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласы халқының жалпы саны 33 мың адамға көбейді
Астана қаласы халқының жалпы саны 33 мың адамға көбейді
2017 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 33878 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 12924 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 16606 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 4348 адамға артты.
2017 жылғы қаңтар-маусымда аралығында Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 13747 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2%-ға аз. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,6%-ға азайып, 11744 адамды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 2003 адам қайтыс болды, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымнан 0,2%-ға көп.
2017 жылғы қаңтар-маусымда 1 жасқа дейінгі 87 нәрестенің шетінегені тіркелді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 12 оқиғаға аз. Сәбилер өлім–жітімінің коэффициенті 6,33-ні (2016 жылғы қаңтар-маусымда - 7,05) құрады.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары – 30,3%, жаңа өскін - 21,7%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 11,2%, тыныс алу органдарының аурулары 8,4%-ды алады.
2017 жылғы қаңтар-маусымда АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1%-ға өсті, ажырасулар саны 15,7%-ға өсті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты