- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Әбдіқалықова: Әйелдер қауымы баламалы энергетиканың дамуына ерекше үлес қосуы тиіс
Г. Әбдіқалықова: Әйелдер қауымы баламалы энергетиканың дамуына ерекше үлес қосуы тиіс

Мемлекеттік хатшы бүгін адамзат Экономиканы цифрландырудың трансформациялық кезеңіне өткенін және жаңа технологиялардың таралуы жасыл экономиканы дамыту үшін жаһандық жағдайларды өзгертетінін атап өтті.
«Бүгін әлем әйелдер қауымының инклюзивті дамудың жаһандық тұрақты өсуін дамытуға қатысуын жандандыруы керек. Біз адамзаттың «жасыл» экономикаға және баламалы энергетиканы пайдалануға көшуіне ерекше үлес қосуымыз қажет», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Г. Әбдіқалықова форум алдында тұрған басты мәселелерді атап өтті.
«Біріншіден, бұл «Жасыл» технологиялар саласындағы әйелдердің жиынтық әлеуетін дамыту, озық технологиялар әзірлеуге жәрдемдесу және әйелдердің бастамаларына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. Екіншіден, жасыл экономика саласындағы әйелдер кәсіпкерлігі саясатын қалыптастырып, іске асыру, жобаларды инвестициялауға жан-жақты, соның ішінде әйелдердің қатысуымен мемлекеттік және жеке меншік деңгейінде қолдау көрсету», - деді ол.
Сондай-ақ қатысушылар бүгін болашақ, энергия тиімділігі мен таза технологияларды ілгерілету және әйелдердің саясаттағы, ғылым мен бизнстегі рөлін күшейту мәселелерін талқылайды.
«Адамзат бүгін Индустрия 4.0 трансформациясына аяқ басқаны белгілі. Әлемде технологиялық инновациялармен және цифрлық технологиялардың дамуымен байланысты құрылымдық өзгерістер орын алып жатыр. Олар жасыл экономиканы дамыту үшін жаһандық жағдайларды түбегейлі өзгертеді. Оның өсімінің басымдығы әлемдік келесі трендтер үшін дамитын жаңартылатын энергетика секторы болып табылады: Энергияны жинақтау мен сақтау технологияларын дамыту және олардың өсіп келе жатқан бағаға қатысты бәсекеге қабілеттілігі. Қаржыландыруға анағұрлым ашық қолжетімділік, осы сектордың дамуына оң әсер ететін саяси бастамалар. Климаттың өзгеруімен байланысты табиғи катаклизмалар проблемаларының шиеленісуі. Дамушы экономикалар тарапынан энергияға өсіп келе жатқан сұраныс», - деді Г. Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, ЖЭК-ке жаһандық инвестициялар дәстүрлі энергетикадан озып, қауырт деңгейіне жетті.
«Жақында еліміздің энергетика министрлігі «Форсайт-2050» зерттеуін жүргізген еді. Энергияның жаңа әлемі және Қазақстанның орны, онда 139 ел бөлінісінде 6 млн дерек талданған. Онда 2050 жылға дейін энергияға жалпы сұраныс 3% төмендейтіні, көмір қажеттігі 2 есе төмендеп, мұнай қажеттігі күніне 95 млн баррель деңгейіне дейін құрайтыны туралы айтылған. Аккумуляторлардың құны 5-8 есе төмендейді, энергия генерациясы жел есебінен 2 есе, күн есебінен 4-5 есе түседі деп күтілуде, бұл күн және жаңартылатын энергия көздері үлесінің он есе ұлғаюына әкеледі», - деп мәлім етті Гүлшара Әбдіқалықова.
Форум жұмысына әлемнің 25 елінен 300 делегат қатысуда. Іс-шара қорытындылары бойынша қатысушылар әлемдік қауымдастықты қоршаған ортаға жүктемені барынша азайту, климаттық өзгерістерді ұстап тұру жөніндегі халықаралық қағидаттарды ұстануға шақыратын Қарар қабылдамақ, бұл жасыл экономикаға көшуді жылдамдатуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет

