• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аулалық клубтар ашылды

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аулалық клубтар ашылды

8 Қаңтар, 2014 10:35
Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 7 аулалық клуб ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметік қажеттілігі ерекше жандардың шығармашылығын дамыту мақсатында Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  7 аулалық клуб ашылды. Аулалық клубтар әртүрлі аудандарда орналасқан», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Сәулет» шағын ауданында аулалық орталық, қала орталығында №1 гимназия қасында, Тасбугет жергілікті әкімдік ауласында Титов ауылында, «Шұғыла» шағын ауданында және Белкөл ауылында аулалық клубтар ашылды. 

Барлық жаңалықтар