- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да газдандыру көрсеткіші 95%-ға дейін ұлғаяды
БҚО-да газдандыру көрсеткіші 95%-ға дейін ұлғаяды
БҚО-да құрылыс саласындағы жұмыстар көлемінің өсімі 6% құрайды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті12-сессиясында өңір басшысы Алтай Көлгінов оқыған баяндамада айтылды.
Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 1500 пәтерге арналған 10 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ облыс аудандарында 183 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл 1600-ден астм отбасы өз баспанасына ие болады деген сөз.
Бұдан бөлек, облыстың елді мекендерін газдандыру және сумен жабдықтау бойынша жұмыс жалғасуда. 1100 км су құбыры салынуда, қосымша 55 ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Өңірдегі қамту пайызы 42%-ға дейін артады. Жұмыс болашақта өз жалғасын табады.
Сонымен қатар, облыстың 8 ауданында газдандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, облыстың газдандыру көрсеткіші 95%-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Биыл мемлекеттік жобалар аясында 1200 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаланың құрылыс алаңдарында 2400-ге жуық адам жұмыс істеуде. Халық тұрмысын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 13 мың адам жұмыспен қамтылған, осы ретте 5 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Батыс Қазақстан облысында жее кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл осы жылдың 7 айы ішінде қол жеткізілген экономикалық көрсеткіштерден байқалады. Облыс әкімінің баяндамасынан облыстың жалпы өңірлік өнімінің 40%-ны құрайтын ШОБ саласында халықтың 1/6 бөлігі жұмыс істеп жүргені белгілі болды. Өндіріс көлемі 312 млрд теңгеге жеткен. Салық төлемдерінің 1/5 бөлігін ШОБ субъектілерінң салықтары құрайды, ол ағымдағы жылдың біріншіжартыжылдығында 29,1 млрд теңгені құраған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді