• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қаржылық ережелері туралы келісім жұмысын қабылдады

Мәжіліс түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қаржылық ережелері туралы келісім жұмысын қабылдады

8 Қаңтар, 2014 10:30
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қаржылық ережелеріне қатысты заңнаманы ратификациялау жұмысын қабылдады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

«Аталмыш келісімге қол қою ТМЫК Хатшылығы қаржылық-шаруашылық қызметін енгізудің негізі болды. Келісімнің өз күшіне енуі Қазақстан мен өзге де түркі тілдес мемлекеттердің саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және өзге де салалардағы жан-жақты ынтымақтастығына жаңа қарқын бермек», - делінген хабарламада.

Келісім талаптарына сай, ТМЫК Хатшылығы бюджетінің орындалуы мен құрылуы, қаржыландыру көздері анықталады.

Барлық жаңалықтар