- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбелік полицейлерге 180 жаңа автокөлік табысталды
Ақтөбелік полицейлерге 180 жаңа автокөлік табысталды
Атап айтқанда, ақтөбелік құқыққорғау органдары жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары үшін 150 «Нива» маркалы жеңіл автокөлікке, сонымен қатар, тағы 30 көлік құралына, оның ішінде ІІД мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің өзге де қызметтері үшін жолаушылар таситын «ГАзель» автокөліктеріне ие болды.
Айта кетейік, 180 автомобильдің барлығы да полицей машиналарының заманауи техникалық талаптарына сай.
«Жалпы, автопарктің осынша маңызды толығуының арқасында учаскелік полиция қызметінің автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100 %-ға жетті», - делінген әкімдік хабарламасында.
Кілттерді табыс еткен өңір басшысы полицейлерді Конституция күнімен құттықтады. Оларға күн сайынғы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, жергілікті полиция қызметінің үздік қызметкерлерін мадақтамалармен марапаттады.
«Облыс басшылығының атынан сіздерге қоғам мен мемлекеттің мүддесін, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғай отыра, өздеріңіздің азаматтық және қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын»,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, соңғы төрт жылда ішкі істер органдарының техникалық базасын жақсарту үшін 6,5 млрд. теңге бөлінген. Соның арқасында облыс бойынша тіркелген құқықбұзушылықтар санының азайғаны байқалады. Атап айтқанда, осы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша ақтөбе облысындағы қылмыс деңгейі 2016 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда үш есе немесе 32% төмендеді
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді