- Басты
- Жаңалықтар
- А.Баталов «Рухани жаңғыру» аясында ардагерлермен кездесті
А.Баталов «Рухани жаңғыру» аясында ардагерлермен кездесті
Облыстың баспасөз қызметі хабарлағандай, осыдан кейін облыс әкімі кездесуге жиналғандарға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында қысқаша ақпарат беріп өтті.
Ауылшаруашылығы саласында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Қазірдің өзінде 149,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Одан бөлек, осы кезең аралығында облысқа 174,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 12 724 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, өңір басшысы мемлекеттік қолдаудың арқасында әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етті.
Ескірген нысандар күрделі жөндеуден өтіп, материалдық—техникалық базалары жаңартылуда. Жаңадан сәулеті келіскен ғимараттар бой көтеруде. Биылғы жылы 44 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 35-і жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал аталған мектептердің 24-і Білім күні өз оқушыларына есіктерін ашқалы тұр.
Өңірімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін ұтымды пайдаланудың арқасында мектепке дейінгі білім беру мекемелері көптеп ашылуда. Өзге де салалар бойынша ауыз толтырып айтар жетістіктер жетерлік. Атап айтар болсақ, жолдардың құрылысы, туризмді дамыту және көптеген басқа да жетістіктерді осы қатарға жатқызуға болады.
«Біздің Сіздермен бүгінгі кездесуіміздің барысында, мен, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталып өттім. Осы сәтті пайдалана отырып, ісімізді қолдап, Жетісу өлкесінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін Сіздерге тағы бір мәрте алғысымды жеткізгім келеді. Біздер үшін сіздердің ақыл-кеңестеріңіз, көпжылдық еңбек тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз өте маңызды. Әсіресе, болашақ ұрпақ тәрбиесіне деген сіздердің тәлім-тәрбиелеріңіз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындауда үлкен мәнге ие», - деді өңір басшысы А.Баталов.
Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар бірқатар мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, облыс әкімінің жұмысына сәттілік тіледі. Өңір басшысы айтылған әрбір ұсынысты назарына алып, олар бойынша белгілі бір шешімге келетіндігін атап өтті.
Жалпы кездесуге 80-нен астам ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар